Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге ширек финалда чехиялықтар Мария Боузкова – Люция Градецкаямен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік жұп 1:6, 6:1, 10:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина мен Кудерметова 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 4 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Е.Рыбакина мен В.Кудерметова финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.
Олар ширек финалда жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Катерина Синякова – Барбора Крейчикованы 2:6, 6:4, 10:8 есебімен ұтып кетті.