• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қазан, 2021

Шымкентке Татарстан сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері келді

132 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев Татарстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы делегациясымен бизнес кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Аталған жиын Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы байланыстарды нығайту және инвестициялық жобаларды таныстыруды мақсат еткен. Татарстандық делегаттарға қаламыздағы Индустриалды аймақтар және «Оңтүстік» АЭА, «Shymkent invest» орталығындағы мүмкіндіктер таныстырылды.

Айбек Сәттібаев кездесу барысында татарстандық делегаттарға Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе татарстандық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.