• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қазан, 2021

Солтүстік Кореяға аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ

392 рет
көрсетілді

БҰҰ Солтүстік Кореяда физикалық жағынан әлсіз адамдардың өліміне әкелетін аштық мәселесі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы БҰҰ-ның Сеулдегі адам құқықтары жөніндегі кеңсесінің сайты жазады.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Томас Оеа Кинтана өз баяндамасында «әлсіз балалар мен қарттар» аштық қаупіне көбірек ұшырайтынын айтты. Солтүстік Корея пандемияға байланысты бүкіл әлемнен одан сайын оқшаулана түсті.

«Үкіметтің пандемияға қарсы шектеулері мен қырағылығы адам өміріне қауіп төндіретін осы мәселенің алдын алуға көмектесті. Бірақ ұзақ уақыт оқшаулау мен шекараның жабылуы азық-түлік пен басқа да денсаулық проблемаларына, тұрғындардың экономикалық жағынан қиындық көруіне себеп болды», делінген арнайы өкілдің есебінде.

Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін осы елге гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдету үшін КХДР-ға қарсы санкцияларды қайта қарауға және оларды әлсіретуге шақырды.  Шектеулер Солтүстік Корея мен Қытай арасындағы сауда-саттықты іс жүзінде жойды. БҰҰ мәліметтері бойынша, биыл тамызда шекаралық тауар айналымы тек 28,8 миллион доллар болған, бұл екі жыл бұрынғы көрсеткіштің сегізден бір бөлігінен аз. БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы үш ай бұрын 860 мың тонна көлемінде азық-түлік тапшылығын жариялаған.

Еске салайық, Солтүстік Корея ядролық және зымырандық бағдарламаларды дамытуға байланысты БҰҰ мен АҚШ санкцияларына жатады. БҰҰ Қытаймен шекарада коммерциялық қызмет жасайтын солтүстік кореялықтар кірістерін жоғалтқанын атап өтті.