Тайваньның оңтүстігіндегі Гаосюн қаласындағы 13 қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 46 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, өрт бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 02:54 -те шыққан. Өрт тек таңертең жергілікті уақыт бойынша 07:17-де сөндірілді.
Өрт сөндірушілер ғимаратқа кірген кезде 9 адамның денесін тапты. Бірнеше сағаттан кейін тағы 37 адамның мәйіті табылды. Ондаған тұрғын ауруханаға жатқызылды, кейбірінің жағдайы ауыр.
Билік 7-11 қабаттарда әлі де адамдар болуы мүмкін екенін айтты және осыған байланысты құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті.