• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2021

Ел көлемінде ең қымбат ет Алматыда

220 рет
көрсетілді

Ұлттық банк 2021 жылдың қыркүйек айындағы өңірлердегі инфляциялық үрдістер бойынша шолуды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы қыркүйекте инфляция 0,4%-ды құрады (тамызда - 0,5%). Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,1%-ға (тамызда - 0,1%), азық-түлік емес тауарларға - 0,6%-ға (тамызда - 0,6%), ақылы қызметтерге - 0,7%-ға (тамызда - 0,8%) өсті. Жылдық мәнде инфляция 8,9%-ды құрады (тамызда - 8,7%).

Өңірлер бөлінісінде жылдық инфляция 13 өңірде жеделдеді, 3 өңірде баяулады, 1 өңірде бағаның өсу қарқыны өзгеріссіз қалды. Ең көп баяулау Павлодар облысында тамыз айында 9,2%-дан қыркүйекте 8,8%-ға дейін тіркелді.

Ең көп үдеу Қызылорда облысында байқалады (8,2%-дан 8,8%-ға дейін). Жылдық инфляция 6 өңірде жалпы республикалық деңгейден жоғары болды, олардың ішінде ең үлкен мән Маңғыстау облысында тіркелді (9,8%). 

Ұлттық Банк атап өткендей, бағаның жылдық өсуіне Қазақстан бойынша ТБИ-де ең үлкен салмаққа ие Алматы және Алматы облысы ең көп үлес қосуды жалғастыруда. Аталған өңірлерде бағаның өсуі тиісінше 8,7% және 8,5%-ды құрады.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары жылдық мәнде 11,5%-ға (тамызда - 11,4%-ға) қымбаттады. Ең төменгі өсім Шығыс Қазақстан (10,5%) және Солтүстік Қазақстан (10,6%) облыстарында, ең жоғары - Маңғыстау облысында (13,1%) байқалды.Ел бойынша азық-түлік емес тауарлардың бағасы 7,5%-ға (тамызда - 7,3%-ға) өсті. Азық-түлік емес тауарлар бағасының ең жоғары өсуі Атырау және Ақтөбе облыстарында (8,0%-дан), ең төмені Павлодар облысында (6,8%) тіркелді.

Елімізде ақылы қызметтер 6,8%-ға (тамызда - 6,6%-ға) қымбаттады, бұл ретте ең жоғары өсім Ақтөбе және Жамбыл облыстарында (8,0%-дан), ең төмен - Алматы және Қызылорда облыстарында (6,1%-дан) байқалды.

Қыркүйек айында азық-түлік тауарларының айлық ТБИ-ге қосқан үлесі азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің үлесіне қарағанда аз болды. Азық-түлік тауарларының инфляциясына ең үлкен үлес ет және ет өнімдері бағасының өсуі, бұл ретте көкөністер мен жемістер 4,7%-ға арзандап, ( - ) 0,13 п. т. мөлшерінде теріс үлес қосты.

Жалпы еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы тамыз айындағыдай бір ай ішінде 0,1%-ға өсті. Аталған топтың тауарларына бағаның 0,6% мөлшерінде максималды өсуі Атырау облысында, Алматы және Шымкент қалаларында қалыптасты, бағаның 0,1%-дан 0,6%-ға дейін төмендеуі Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында байқалды.

Елімізде ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны өзгеріссіз қалды (1,3%), бұл ретте құс еті бағасының өсу қарқынының баяулауы байқалды (3,7%-дан 2,3%-ға дейін).

Алматыда ет және ет өнімдері бағасының ең жоғары өсуі (3,2%-ға) байқалды, онда сиыр еті (5,3%-ға) және жылқы еті (4,0%-ға) қымбаттады, олардың бағасы тұтастай ел бойынша тиісінше 1,6%-ға және 1,4%-ға өсті. Атырау облысында жылқы еті бағасының өсуі (3,5%-ға) және өңірлер арасында құс еті бағасының ең жоғары өсуі (4,5%-ға) тіркелді.

Шымкентте сүт өнімдері (2,3%-ға, ел бойынша 0,9%-ға өсу кезінде), атап айтқанда пастерленген сүт (3,0%) және қаймақ (2,5%) қымбаттады, ал осы тауарлардың бағасы ел бойынша тиісінше 1,1%-ға және 1,2%-ға өсті.