«Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстанның Уақытша үкіметі өлім жазасына кесілген қылмыскерлерді сот шешімінсіз жариялауға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы топтың ресми өкілі Забихулла Муджахид Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
«Қылмыскерлерді көпшілік алдында көрсетуді талап ететін және сот ұсынбаған жазалардан аулақ болу керек. Егер қылмыскер жазаланса, жаза халық оның қылмысы туралы білетінін есіне салатындай болу керек», делінген хабарламада.
Мужахидтің айтуынша, бұл талап өлім жазасына кесілгендердің мәйітіне де қатысты болады.