• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қазан, 2021

Түркия азаматтары отандық TURKOVAC вакцинасын салдыруда

250 рет
көрсетілді

Түркияның e-Nabız веб-сайтына еріктілерден COVID-19 вирусына қарсы отандық TURKOVAC вакцинасының үшінші дозасын салуға өтінімдер түсе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өтінімдер елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған Түркия тұрғындарын ел ғалымдары жасап шығарған TURKOVAC вакцинасының үшінші дозасын салдыртуға үндеген соң түсе бастады.

TURKOVAC вакцинасының бустерлік дозасын салдыртуға еріктілер бұған дейін вакцинаның қос дозасын алған және COVID-19 вирусымен ауырған18-59 жас аралығындағы азаматтар қатарынан таңдалады. TURKOVAC вакцинасының үшінші дозасын салдыртуға ниет білдірген азаматтар enabiz.gov.tr веб-сайтына кіріп, (Вакциналарды зерттеуде ерікті болу) батырмасын басуы тиіс. Вакцинаны зерттеуге қатысу үшін барлық критерийлерге сәйкес болған кандидаттар e-Nabız сайтында ақпараттандырылады.

TURKOVAC вакцинасының бустерлік дозасы 41 медициналық орталықта, ең алдымен қалалық ауруханаларда енгізілуде. Оны Түркияның түкпір-түкпіріндегі барлық тұрғындар салдырта алады.

TURKOVAC отандық вакцинаның сериялық өндірісін іске қосу үшін оған кем дегенде 3 мың ерікті қатысуы қажет.