• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Қазан, 2021

Медицина мамандығына гранттар саны ұлғаяды

352 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға білім беру гранттарының саны көбейеді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты, сондықтан ұлттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының саны 3800-ге дейін, сондай-ақ әлемнің жетекші орталықтарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары бойынша оқытылған дәрігерлердің саны ұлғайтылатын болады», деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы пандемия санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту қажеттігін көрсеткенін және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ұлттық жобаның екінші бағытында биоқауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесін 61%-дан 90%-ға дейін арттыру жоспарланғанын атап өтті (санэпидсараптаудың кемінде 12 зертханасы жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылады).

ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілген «Биологиялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы қабылданады, сондай-ақ ұлттық және жаһандық тәуекелдерге болжамдау мен ден қоюдың ғылыми негізделген жүйесін енгізу жоспарлануда.