• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қазан, 2021

Қорғаныс министрі әскери қауіпсіздік мәселелерін пысықтады

552 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Жиын қатысушылары әскери басқаруды орталықтандыру, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ашу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-ғылыми әлеуеті мен ғылыми-эксперименттік базасын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндамалар жасады.

Отырыс барысында Қарулы Күштерде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ақпараттандыру және оның ауқымын кеңейту, сондай-ақ әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелері талқыланды.

Әскери кадрларды даярлау, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне соңғы кездегі қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді бағалаудың жаңа әдістерін енгізу, ТМД елдері мен алыс шетелдердің ғылыми-білім беру мекемелерімен байланыс ауқымын кеңейту мәселелері сараланды.

Әскери қауіпсіздік ауқымындағы зерттеулер әскери саланың барлық негізгі бағыттарында дамып келеді. Бұған көптеген жас  ғалымдардың, ғылыми-зерттеу топтары мен ұжымдардың шетелдік ғалымдармен халықаралық ынтымақтастыққа жемісті жұмысқа қызығушылығын арттыруға  ықпал етіп, бұл шетелдік орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарындағы материалдар мен ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.