Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 38 жастағы азаматтың көлігін тінту барысында орындықтың артындағы қалташадан полимерлі түйіншекті тапқан.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 52,75 грамды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ күдіктінің пәтерін тінту барысында жатын бөлмедегі төсек астынан 30,36 грамм марихуана мен 15,30 грамм гашиш табылған», делінген ақпаратта.
Ер адам өз сөзінде есірткіні қолданбайтынын, сату үшін тасымалдағанын жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.