• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2021

Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады

343 рет
көрсетілді

АҚШ билігі 8 қарашадан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакциналанған барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы BBC мәлімдеді.

АҚШ билігі коронавирусқа қарсы екпені салдыртқан барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді. Жаңа ереже 8 қарашадан бастап күшіне енеді.

Осылайша, Вашингтон тарихта Covid-19 эпидемиясы басталғанда енгізілген ең көлемді шектеулерді алып тастайды. 2020 жылдың қаңтарында Қытайдан Америкаға өтпек болған келушілер үшін шекара жабылып, кейін әлемнің басқа елдері де осындай тыйым салған болатын.