• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2021

Алматыда мас жүргізуші полицейді қағып кетті

646 рет
көрсетілді

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде құқық қорғау қызметін атқару кезінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін байқаған. Полиция қызметкерлерінің талаптарына көлік жүргізушісі мән бермей, керісінше, олардан қаша бастады. Талғар қаласының бағытындағы экологиялық постта қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатуға тырысты, ол тоқтамастан, инспекторды толық жылдамдықпен қағып кетті. Екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің жарылуы, бас сүйегінің жабық жарақатымен полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды. Hyundai жүргізушісі ұсталды», деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Құқық бұзушы – 1962 жылы туған У.есімді азамат. Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.