Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға төмендеп, 17-орынға жайғасты.
Юлия Путинцева да бір орынға сырғып, 44-сатыдан көрінді.
Ал ресейлік Вероника Кудерметовамен жұптасып, Индиан-Уэллс турнирінің финалына шыққан Рыбакина 48-орынға жайғасты.
Анна Данилина үш сатыға көтеріліп, 81- орынға тұрақтады.