• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2021

Қазақстаннан көшетіндер саны артқан

423 рет
көрсетілді

Көші-қон қызметі органдарынан алынған Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанға 6 339 адам келсе, елден 22 685 адам кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді.

«ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды, көшіп кеткендердің үлесі-жалпы көшіп-қонушылар санының 86,1%-ын құрады», деп жазады Статистика Бюросы.

Өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда Республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 7,3%-ға артты.

Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (20 235 адам), Нұр-Сұлтан (18 390 адам), Шымкент (9 276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).