• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Қазан, 2021

Қазақстанда 1,4 млн адам тұмауға қарсы екпе салдырды

387 рет
көрсетілді

1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе салдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында мәлім етті.

«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда. Вакцинация жоспары қайта қаралды және бүгінгі күні шамамен 11,4 млн адамды құрайды. Бірінші компонент бойынша 8,0 миллионнан астам адам екпе алды. Бұл вакцина алуға тиісті халықтың 70,7%-ы немесе жалпы халықтың 42,7%-ы деген сөз. Екінші компонент бойынша екпе алуға тиісті халықтың 63%-ы немесе жалпы халықтың 38%-ы қамтылып, 7,1 миллион адам екпе қабылдады», деген Алексей Цой тұмауға қарсы вакцинация қалай жүріп жатқанына да тоқталды.

«Тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі таңда шамамен 1 млн 380 мың адам немесе тиісті халықтың 54,5% егілді. Вакцинациямен республикалық көрсеткіштен жоғары қамту 7 өңірде байқалады. Оның ішінде Түркістан тұмауға қарсы вакцинамен тиісті халықтың 85%-ы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола және Қызылорда облыстарында 60%-дан астамы, Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында 55%-дан астамы қамтылған», деді ведомство басшысы.