Эфиопия әскерінің Тиграй аймағына жасаған әуе шабуылынан кемінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Әскер Тыграй облысының әкімшілік орталығы Мекеле қаласына әуе шабуылын жасаған. Эфиопия армиясының шенеуніктері шабуылға қатысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Куәгерлер базар маңы бомбаланғанын, салдарынан көптеген адам шығынға ұшырағанын айтты.