• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қазан, 2021

Бүгін азаматтық қорғау органдарына 26 жыл толды

512 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де өз әріптестерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл сайын елімізде құтқарушылар өртке, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 60 мыңнан астам рет шығады. Бұл ретте ведомство қызметкерлері жыл сайын 10 мыңнан астам адамды құтқарады. Құтқарушылар күн санап ерлік пен батылдық көрсете отырып, өз ісіне деген адалдықты көрсетеді. Сіздердің кәсіпқойлық, шапшаңдық, батылдық қасиеттеріңіз алдағы уақытта да төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға жəне құтқаруға қызмет етсін!», деп атап өтті министр құттықтау сөзінде.

Азаматтық қорғау органдарында 30 000-ға жуық маман қызмет атқаруда.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында ТЖМ құтқару қызметтері (1995-2021 жылдар аралығында) төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 466 883 рет шықты. Олардың кәсіби қызметі мен жеделдігінің арқасында 389 017 адам құтқарылды, ТЖ әртүрлі аймақтарынан 353 973 адам эвакуацияланды, 61 362 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде 64 қызметкер қайтыс болды», делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.