• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2021

«Апай ұрады». Өскемендік оқушы полицияға шағымданды

1875 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында 12 жастағы оқушы сабаққа бармау үшін полицияға жалған арыз түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметі хабар таратқандай, 18 қазанда «102» жедел арнасына шұғыл қызмет психологы 12 жасар қыздың хабарласқаны туралы айтты.

Жасөспірім өз сөзінде ата-анасының оны және апайын ұрып-соғатыны туралы жеткізген.

«Аталған шағым бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала мектепке бармау үшін осы оқиғаны ойлап тапқан. Жеткіншектің анасы оны қосымша сабақтарға жазған, ал оқушы қыз оған қатысқысы келмеген», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.