Қызылордада қызметіне тыйым салынған экстремистік ұйымның жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының жақтаушысы - облыстың 48 жастағы тұрғынына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«Д. есімді азамат сот тыйым салған діни экстремистік ұйымның шарттары мен дәстүрлерін ұстанды, оның қызметін ұйымдастырды, жақын діни байланыстарды насихаттады, діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылған ақпаратты насихаттады», деп жазады ПД баспасөз қызметі.
Аталған діни экстремистік ұйым қала аумағында жиналыстар ұйымдастырып, құпия уағыздар жүргізгені анықталды.
«Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында Д. есімді азаматтың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталуына байланысты, оған қатысты ҚР ҚК 405-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қызылорда қалалық сотының 20 қыркүйектегі үкімімен ол кінәлі деп танылып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жауапкершілікке тартылып, пробациялық бақылауға алынды», деп хабарлады Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі.