Синоптиктер 21-23 қазанына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ресейдің Мурманск қаласы жағынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады», делінген хабарламада.
22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасының 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.