Маңғыстауда жолдың тыйым салынған жерін кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше түнде Мұнайлы ауданында болған.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің кезекші операторының пультіне шақырту сағат 21:40-та түскен. Ынтымақ кентінде «Изнур» жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде «Audi C4» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы ер адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір автокөлік айып тұрағына қамалды.