Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы жоғары деңгейде өткен келіссөздер нәтижесінде екіжақ 1950-1953 жылдары орын алған Корей соғысы кезінде бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру шарасын 20-25 ақпанда өткізуге шешім қабылдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Тараптардың мұндай шешімге келгені жөнінде Сеул делегациясын басқарған Оңтүстік Корея президенті жанындағы ұлттық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Ким Гю Хён мәлімдеді. Оның ойынша, бұл қадам екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді.
КХДР мен Оңтүстік Корея бір-біріне деген арандатушылық әрекеттерді тоқтатып, екі ел арасындағы сенімді нығайтуға ниет білдірді. Сонымен қатар, тараптар алдағы уақытта да жоғары деңгейде келіссөз өткізуге шешім қабылдады.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Zn.ua.