• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2021

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

1487 рет
көрсетілді

21 қазанда Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, Петропавлда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады.

Күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел түнде таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с, Түркістан облысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында шаңды дауылмен солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күннің екінші жартысында Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.