• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қазан, 2021

Атырауда 6-шы қабаттан 5 жасар қыз құлап кетті

368 рет
көрсетілді

Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 20 қазанда сағат 15:05-те жедел жәрдемге шақырту түскен.

«Бүгін облыстық балалар ауруханасына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан құлаған 5 жасар қыз жеткізілді.

Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр еді. Науқаста жабық бас-ми жарақаты болған. Жамбасы сынған, ішкі ағзасы зақымданған. Дәрігерлер 5 жасар қыздың өмірін сақтап қалу үшін емдеу шараларын жүргізді. Алайда, ауыр жарақат алған науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.