ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған 60 шағын грантты беру бойынша конкурстың сарапшылар комиссиясы ауылдарда заңгерлердің, терапевтердің және психологтердің консультациясын өткізуде жеңімпаздарды анықтады.
«Демеу» әлеуметтік жобасы денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық көмек саласында халықты қолдауға бағытталған. Оны жүзеге асыру барысында психологтерден, дәрігер-терапевтерден және заңгерлерден тұратын 60 бастамашыл топ ауыл тұрғындарын мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттандырып, әрбірі үш немесе одан да көп ауылдарда 300 консультация өткізеді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі Жобалық кеңсесінің директоры Жасұлан Бисембаевтың айтуынша, бұл ретте ең алдымен, ҮЕҰ-ның әлеуетін мемлекеттік бағдарламаларды ауылдықтарға түсінікті тілде жеткізу науқанына тартуға баса назар аударылып отыр. Ол сонымен бірге ауыл-аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін болады.
«Бұл – өте маңызды жоба. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында қойған міндеттермен үйлеседі. Жобаның идеясы неде? Мемлекет ең бірінші кезекте халықты әлеуметтік тұрғыда қолдауға міндеттелген әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып жатыр. Алайда іс жүзінде халық, өкінішке қарай, белгілі бір мемлекеттік бағдарламаға қатыса аларлық мүмкіндіктері туралы білмейді. Көп жағдайда бағдарламалар «бюрократиялық», іскерлік тілде жазылатындықтан көп адам түсіне бермейді. Сол себепті коммуникацияны жақсартуда, ұғымдық ақпаратты көтеруде үкіметтік емес сектордың әлеуетін тартудың үлкен мүмкіндігі барына көз жеткіздік. Себебі ҮЕҰ – дәл сол адамдар мен қоғамдық ұйымдар, бірақ олар белсендірек, азаматтар белгілі бір мемлекеттік бағдарламаның әлеуетін түсінікті тілде түсіндіріп бере алады. Себебі мемлекеттік бағдарламалардың орасан көп бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға, агросекторды қолдауға, субсидия алуға, ауылда әртүрлі жобаларды қосымша қаржыландыруға бағытталған. «Демеу» ауылдағы кәсіпкерлік бастамалардың тиімді әрі оңды өсіміне айналар деген сенімдеміз», дейді Ж.Бисембаев.
Сонымен қатар, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі Жобалық кеңсе директорының айтуынша, «Демеу» жобасы денсаулық деңгейіне және ауыл халқының жалпы психологиялық көрсеткіштеріне оң әсер етуі мүмкін.
«Жобаның екінші компоненті медицинамен байланысты. Коронавирус инфекциясы тараған қазіргі күрделі кезеңде адамдар қорғану, вакциналау, шектеу шараларына байланысты мәселелер бөлігінде қажетті консультацияларды алу арқылы өз-өздерін қауіптен қорғай алады. Бұл консультациялар халықтың денсаулығына оң әсер етеді. Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – психологиялық денсаулық. Бүгінгі таңда мемлекет те, үкіметтік емес сектор да халықтың психологиялық денсаулығына көбірек назар аударады. Бұл – технологиялық жаһандық дамуда өте маңызды сәт. Әңгіменің бәрі әлеуметтік желілерде айтылады, оффлайн коммуникация азайып кетті, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Суицидтің, атап айтқанда, балалардың өз-өзіне қол жұмсауының елдегі қылмыстың жиілеуі де содан. Мұның бәрі психология мәселелерімен байланысты тұлғааралық қатынастарға байланысты. Бұл жоба өзінің оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз», дейді ол.
«Демеу» жобасымен аз қамтылған азаматтарға материалдық және гуманитарлық көмек көрсету үшін кәсіпкерлерді, қайырымдылық қорларын тарту көзделеді. Жоба 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Ж.Бисембаевтың айтуынша, табысты нәтижелерге қол жеткен жағдайда жобаны жалғастыруға мүмкіндік бар.
«Бұл жобамен еліміздің барлық өңірін қамтимыз. Кем дегенде 180 елдімекен қамтылады. «Демеу» іске асырудың белгілі бір нысаны болады. Егер сәтті болса, оны жүзеге асыруды АБҚО қызметі шеңберінде жалғастыруға немесе өңірлік деңгейлерде іске асыруға ұсынуға болады. Бұл жобаны қолдауға мүдделі басқа да ұйымдар болуы мүмкін», деді мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі Жобалық кеңсенің директоры.