• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2021

Қарсыластар анықталды

147 рет
көрсетілді

Нидерландтың Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бірге В тобында сынға түсетін болды. УЕФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы жеребе алдында Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге бірінші себетте орналасқан болатын.

2022 жылғы ең үлкен жарыс­тың бірі саналатын футзалдан Еу­ропа чемпионатында биыл ал­ғаш рет 16 құрама (бұған дейін 12 команда сынға түскен) бақ сы­на­мақ. 19 қаңтар мен 6 ақпан ара­лығында Амстердам және Гро­нинген қалаларында 32 матч ойналады. Әр топ төрт командадан тұрады.

Алғаш рет кәрі құрлық бірін­ші­лігінің финалдық кезеңін қабыл­дайтын Нидерланд құрамасы Еуро-2022 финалдық ойындарына тікелей жолдама алды. Қалған елдердің ішінде Португалия (Еуро-2018 жеңімпазы), Әзербайжан, Бос­ния және Герцеговина, Хор­ватия, Финляндия, Грузия, Ита­лия, Қазақстан, Польша, Ресей, Сло­вакия, Словения, Испания және Ук­раина бар. Сербия мен Бе­ла­русь құрамалары құрлық дода­сының соңғы жолдамасын 14 және 17 қа­раша күндері сарапқа салады.

Құрамамыз топтық кезеңдегі алғашқы екі матчын Гронинген қаласында, ал соңғы ойынын Амс­тердамда өткізеді. Ойындар кесте­сіне сәйкес Қазақстан құрамасы 20 қаңтарда Словения, 24 қаңтарда Финляндия және 28 қаңтарда Ита­лия құрамаларымен кездеседі.

Жеребе тарту рәсімінен ке­йін футзалдан Қазақстан құра­ма­­­сы­ның бас бапкері Пауло Ри­кар­­до Кака Қазақстан фут­бол фе­де­рациясының баспасөз қыз­метіне сұхбат беріп, топтағы қар­сы­ластар туралы өз пікірін ортаға салды.

– Менің ойымша, барлық топ­қа мықты қарсыластар жиналды. Ешбірін бөле-жарып, мына құрама әлсіз немесе мынау мықты деп айта алмаймын. Өйткені чем­пио­натқа осал құрамалар қатыс­пайды. Барлық 16 команда жақ­сы деңгейде. Бірінші матчты Сло­вениямен өткіземіз. Бұл құра­мамен әлем чемпионатының ірік­теу кезеңінде ойнадық. Олар тех­­ника жағынан өте мықты. Бұл кез­­­десуде бізге 2018 жылғы Еу­ро­па чемпионатының соңғы мат­чын­­­да «қызыл қағаз» алып, алаң­нан қуыл­ған Дуглас көмектесе ал­майды.

Финляндия құрамасы туралы айтатын болсам, олардың құра­мында шеберлік деңгейі жоғары ойыншылар жоқ. Дегенмен өте жинақы команда. Қазір Италия құрамасында буын алмасу кезеңі жүріп жатыр. Бұрын Италия сапында 10-ға жуық бразилиялық ойнаған болса, қазір олардың құрамында жергілікті ойыншылар көп. Чемпионатқа дайындықты 3 қаңтарда бастаймыз. Сондай-ақ 13 және 15 қаңтарда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Бізде қарсыластармен алдын ала келісім бар.

– Жарты жыл ішінде екі бірдей ірі турнирде бақ сынау, әрине, оңай емес. Өте тығыз күнтізбемен жұмыс істеп жатырмыз. Алайда біз бұл факторды өз пайдамызға жаратуымыз керек. Мақсат – қиындық туралы ойланбай, паркетке шығып, әр ойында жеңіске жету, – деді Кака.

2018 жылы Словенияның Любляна қаласында өткен Еуро­па чемпионатында Қазақстан құ­ра­масы үшінші орын үшін өткен бә­секеде Ресей футзалшыларынан жеңіліп, төртінші орынға табан тіреген еді.