Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онлайн-шара Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі», деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.