• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Қазан, 2021

Сенаторлар қару-жарақты сақтау бойынша заңнамаға түзетулер енгізді

156 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде екінші оқылымда талқыланды. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң жобасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген. Сенатор Еділ Мамытбеков құжатта мемлекеттік сатып алудың 4 жаңа тәсілін ендіру, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 4 негізін қысқарту қарастырылғанын айтты.

Заң жобасымен:

- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін бәсекелестікке жатқызу: конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату және тауар биржалары арқылы;

- мемлекеттік сатып алудың веб-порталында бір көзден сатып алу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер, сондай-ақ бәсекелестік әдістерімен сатып алуларды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемелері көрсетілген бір көзден мемлекеттік сатып алулар туралы есептің міндетті орналастырылуы;

- бір көзден сатып алулар бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысының жеке жауапкершілігі;

- тауарлардың электрондық каталогы, электрондық депозитарий, офтейк-келісімшарт, форматтық-логикалық бақылау, әлеуетті жеткізушілердің паспорттарының базасы, келісім комиссиясы сияқты жаңа ұғымдарды енгізу көзделеді.

Заң жобасын Мәжілісте қарау барысында жергілікті қамтуды дамытуға және қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етуге, Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құруға, сатып алудың қағаз түріндегі түрін алып тастауға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыруының ашықтығын қамтамасыз етуге және т.б. бағытталған түзетулер енгізілді.

Заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, оның ішінде: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді регламенттейтін жаңа бапты жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы ережелерді белгілейтін 4-тараудан 3-тарауға көшіру бөлігінде;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына: электрондық дүкенді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың бәсекелес тәсілдеріне енгізу; сол бір құрылыс объектісінде инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ субъектілерді нақтылау бөлігінде;

- «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңына одан әрі сақталуы нақты қауіп төндіретін және дереу жоюды талап ететін оқ-дәрілер айналымының ерекшеліктеріне қатысты нормаларға;

- «Ғылым туралы» ҚР Заңына, ғылымды қаржыландырудың жаңа түрін енгізу бөлігінде – іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру;

Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне апелляция берудің жаңа институты – Апелляциялық комиссияны енгізу бөлігінде; жетекші ғалым санатын заңнамалық бекіту, сондай-ақ оның еңбегіне ақы төлеуді регламенттеу және басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қаралған заң жобасы бірқатар саладағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталғанын атап өтті.

«Негізгі өзгерістер мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Оның ішінде конкурс өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға баса мән берілген. Заң жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатып, артық реттеуді жоюға жол ашады. Бүгін біз осы заң жобасына бірқатар түзетулер енгізіп, оларды Мәжіліске жібердік.

Сенат қабылдаған түзетулер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген ғылым саласын одан әрі дамытуға қатысты тапсырманы іске асыруды көздейді.

Атап айтқанда, базалық қаржыландыру арқылы еліміздің жетекші ғалымдарына еңбекақы төлеу, іргелі ғылыми зерттеулер жүрігізетін ғылыми ұйымдарды тікелей қолдау үшін қаржыландарудың жаңа түрін енгізу ұсынылып отыр.

Оған қоса, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар, Сенат енгізіп отырған түзетулер қару-жарақты сақтау және оны жою жолдарын реттеуге бағытталған. Бұл соңғы уақытта еліміздегі қару-жарық қоймаларында болған трагедиялық жағдайлар қайталанбау үшін жасалған қадам», деді М. Әшімбаев.