Мурманск аудандарынан келген Циклон жаңбыр мен қар түрінде түсіп, 22 қазанда елдің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік, орталық және шығыста боран соғуы мүмкін. Оған қоса, ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін төмендеп, аяз түседі, ал күндіз 2-10 градус көрсетеді деп болжануда.
Ал 22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасы 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.