• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2021

Алматы тұрғыны кішкентай баласын жолға қалдырып кетті

328 рет
көрсетілді

Алматы тұрғыны кішкентай баласын көлік жүретін жолға тастап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Бейнежазбадан беймәлім әйелдің баланы көшеге шығарып, көлік жүретін жолға қалдырып кеткенін көруге болады.

Мұны байқаған бейтаныс ер адам баланы орнынан тұрғызып, жолдан қауіпсіз жерге алып кетті.

Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша мән-жай анықталып, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», деп хабарлады полициядан.