• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2021

Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары сотталды

268 рет
көрсетілді

Атырауда мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, биылғы 9 айда құқық қорғау органдарында 18 дерек анықталған.

«Бүгін, 21 қазанда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары өзінің қарауындағы қызметкерлерінен пара алған үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысына сотталушының туыстарымен бірге ұжымдастары қатысты. Мұндай шара сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары салдарымен күресте маңызды рөл атқарады. Сол себептен, облыстық сотпен арадағы келісім негізінде мемлекеттік қызмет ұжымдары әріптестеріне қатысты қаралатын сот процестеріне қатысатын болады. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлықты қысқартуды, тіпті жоюды жоспарлап отырмыз», дейді Айдос Мамыт.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.