• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қазан, 2021

Теміртауда әскери қызметші өзін атып тастады

2695 рет
көрсетілді

Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.