Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен - хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдық көрсетті - 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартенмен таласады.