Қапшағайда көпқабатты үйдегі балкондардың бірінде асылып тұрған баланың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«20 қараша күні сағат 07:30 шамасында Қапшағай қалалық полициясының кезекші бөліміне балконда баланың асылып тұрғаны жөнінде хабарлама түсті. Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Тергеу тобы оқиғаны растады. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.