• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қазан, 2021

Ыстамбұлда Түркі Кеңесінің медиа форумы басталды

645 рет
көрсетілді

Түркияда 22-24 қазан аралығында Ыстамбұлда өтетін Түркі кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы медиа форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысушыларға бейнежолдауда медиа форумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.   Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев медиа форумның жұмысын ашып, өзінің сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті.   Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастап барып отыр.   Жалпы, медиа форум жұмысына Түркі кеңесіне мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, бақылаушы ел - Мажарстан, сондай-ақ Түркіменстан елдерінен 350-ден астам адам қатысуда, олардың қатарында жетекші БАҚ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, киноиндустрия, мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі блогерлер мен коммуникация факультеттерінің студенттері бар.   Форумда киноиндустрия және БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ дезинформацияға, оның ішінде әлеуметтік желілерге қарсы бірлескен күрес талқыланады.