20 қазанда Атырауда әлдебір алаяқ Нұрсая ықшам ауданында алтыншы қабаттың терезесінен құлаған баланы жерлеу үшін деген желеумен қала тұрғындарынан ақша жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы алаяқтың әлеуметтік желідегі тиісті жазбаларын көріп, қаза болған 5 жасар қыздың анасы полицияға хабарлады.
– Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы («алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті іздестірілуде, – деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.