• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2021

Шымкенттің азық-түлік өндіруде мүмкіндігі мол

325 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы бағытында биыл іске қосылған нысандарды аралап, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаратау ауданы, Алматы тас жолында орналасқан «AgroPark» ШҚ жылыжай кешені биыл жүзеге асқан ірі жобалардың бірі.

5,2 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешені жылына 1500 тонна қызанақ пен қияр өндіреді. Тартылған инвестиция көлемі - 1 300 миллион теңге. Кәсіпкерге 331,5 миллион теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Аграрлық өнімдер жылына екі мәрте жиналады. Кешенде қажетті климаттық ахуал мен топырақ құнарлығын сақтау процесстері автоматтандырылған.

Шаруа қожалығында 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Персонал аграрлық технологияны сақтау мәселесі бойынша дайындықтан өткен.

Қала әкімі Шымкентте тамақ өнеркәсібін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып өтіп, сала жетекшілеріне бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.