Бүгін Өзбекстанда президенттік сайлау алдындағы «тыныштық күні» орнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау туралы» Заңға сай, бүгіннен бастап дауыс беру науқанының соңына дейін БАҚ-та, телерадио хабарларын тарату арналарында сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады, сонымен қатар сайлау алды үгіт-насихаттың басқа да түрлерін жүргізуге болмайды.
Заңда сайлауға дейінгі бес күн ішінде, сонымен қатар дауыс беру күні қоғам пікірі сауалнамаларының нәтижелерін және сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға тыйым салатын норма бекітілген.
Осылайша, «Тыныштық күні» сайлаушыларға үгіт-насихатқа ермей, өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда президенттік сайлау 24 казан күні өтеді. Сайлауға бес кандидат қатысып жатыр, олардың қатарында елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиёев те бар.