• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қазан, 2021

Ресейдің Орск қаласында қыздың мәйіті салынған сөмке табылды

1047 рет
көрсетілді

Ресей СК төрағасы Александр Бастрыкин Орынбор облысындағы Орск қаласында қызды өлтіру туралы қылмыстық істі ведомствоның орталық аппаратына беруді тапсырды. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«23 қазан күні түстен кейін Орынбор облысының Орск қаласында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша өңірлік тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ресей СК төрағасы жан-жақты тергеу мақсатында, оның ішінде осы қылмысқа қатысы бар адамды тез арада анықтау мақсатында қылмыстық істі дереу ведомствоның орталық аппаратына беру туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Бастрыкин қылмыскерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде анықтауды талап етті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Орск қаласында тұрғын үйлердің бірінің ауласында әйелдің денесі табылды. Қыздың мәйіті бір тәулік бойы терезе астында жатқан чемоданның ішінде болған деп болжануда.