• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қазан, 2021

Ресейдің Саратов қаласында снаряд жарған адам қайтыс болды

198 рет
көрсетілді

Ресейдің Саратов қаласының тергеу органдары снаряд жарылысынан мерт болған ер адамға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Мерт болған адам үйінің ауласында снарядты темір кескіш құралмен кеспек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ресейлік TACC агенттігі Саратов облысы Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ақпарат таратты.

«56 жастағы ер адамның мерт болуына байланысты тергеуге дейінгі тексеру ұйымдастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қазан күні күндіз 56 жастағы ер адам өзінің үйінің ауласында темір кесетін құралдың көмегімен снарядты кеспек болған. Сол сәтте снаряд жарылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметінің мамандары ер адамды құтқара алмады», делінген хабарламада.

Ер адамның оқиға орнында мерт болғаны айтылды. Оқиғаның қалған мән-жайы әлі нақтыланып жатыр. Сот-медициналық және жарылыс-техникалық сараптау тағайындалды.