Футболдан Қазақстан чемпионатының 25-ші турында Ақтаудың «Каспийі» Оралдың «Ақжайығымен» кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл кездесуде оралдықтарды жаттықтыратын украиналық маман Владимир Мазяр бірқатар өзгеріс енгізіп, қақпа кілтін ресейлік Степан Сикач ұстады.
Бірінші таймда алаң иелері өз басымдылықтарын көрсете білді. Алдымен 15-ші минутта белоруссиялық Алексей Залеский айып добын дәл орындады. Содан кейін 30-шы минутта ол 11 метрлік пенальтиден де мүлт кеткен жоқ. Есеп - 2:0.
Есесіне екінші таймда қонақтар сәтті ойын көрсете бастады. 46-шы минутта украиналық Алексей Чичиков есепті қысқартты. 67-ші минутта ресейлік Михаил Гащенков таразы басын 2:2 есебімен теңестірді. М.Гащенков өткен ойында да мергендігімен көзге түскен болатын.
Бұл турдан кейін 32 ұпай жинаған «Ақжайық» 7-ші орынға жайғасса, «Каспий» 9-шы сатыда қалды.
30 қазан күні өтетін ел чемпионатының соңғы турында «Ақжайық» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды. Бұл қостанайлықтар үшін шешуші кездесу болмақ.