• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қазан, 2021

Бұл біздің қолда – ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты

454 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус індетін жеңуге барлық құрал мен нақты мүмкіндік бар екенін, бірақ адамзат оны қолданбай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

Гебрейесустың айтуынша, әлем пандемияны тоқтатуға нақты шешім қабылдаған кезде, ол аяқталады.

«Бұл біздің қолда», деді ДДСҰ басшысы.

Сонымен қатар ол әлем пандемияны жеңу үшін барлық құралды пайдаланбай отырғанын айтты.

Гебрейесус ДДСҰ-ның 2021 жылдың аяғына дейін әр елде кем дегенде 40 пайыз халықты иммундау мақсатын еске салды. Ол вакцинаның жеткізілуін бақылайтын елдер мен компаниялар мәлімдемесі әрекетіне сәйкес келген жағдайда ғана мақсатқа қолжеткізуге болатынын баса айтты.

Ұйым басшысы осы көрсеткішке жеткен елдерді COVAX халықаралық тетігі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басымдық берді.

Сонымен қатар Гебрейесус пандемияны тоқтату үшін вакциналарға зияткерлік меншік құқығын тоқтату қажет деп санайтынын айтты.