• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Қазан, 2021

Атырауда эпиджағдай әлі де күрделі

257 рет
көрсетілді

Атырау қаласы әлі күнге жұқпалы індеттің ошағы саналып отыр. Соңғы тәулікте Атырау облысының 24 тұрғынынан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыста бір тәулікте коронавирус белгілері анықталған 24 тұрғынның он сегізі Атырау қаласының азаматы екен. Мұны облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растап отыр.

Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас жаңадан тіркелген, инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Мәселен, соңғы тәулікте Исатай ауданында екі науқас анықталса, Құрманғазы ауданында COVID-19 бір адамда расталған.

Коронавирус инфекциясы бар 20 науқаста ауру сәйкес белгілермен жалғасуда. 4 адамда ауру белгілері байқалмады. Өткен тәулікте облыста 25 адам коронавирустан емделіп шықты.