Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигоны кеше сағат 15:00-ден бастап өртенген. Өрт сөндіруге 11 адам мен 9 техника жұмылдырылуда. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы 9 жүк көлігі жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
«Өрт бүгін сағат 6:30-да сөндірілді. Аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Дегенмен жел бағыты өзгеріп, қала ішін түтін басты. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер мен полигон қызметкерлері құм себу, таптау жұмысын жүргізіп жатыр. Облыстық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті сақтауға және аса қажет болмаса далаға шықпауға шақырады», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.