• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2021

Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртенді

182 рет
көрсетілді

Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алмалы ауданының өрт сөндіру бөліміне бүгін сағат 16.42-де Жібек жолы даңғылы, 188 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрттің жоғарғы қабат пен көрші пәтерлерге жайылу қаупі туындады.

Тілсіз жау 25 шаршы метрді шарпыған. Пәтерде жиһаз бен ағаш заттар өртенген. Өрт сөндіруге 6 техника, автобаспалдақ, 28 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт толығымен сағат 17.34-те сөндірілді.

Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.