• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елбасы 26 Қазан, 2021

«Елбасы жолы» Шамалғаннан басталды

305 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау, өмірінен сыр шертетін маңызды орындарды аралау, «Ел Үміті» бастамасы аясындағы жоба қатысушыларымен бас қосу мақсатында ұйымдастырылған «Елбасы жолы» экспедициясы 25-31 қазан аралығында Шамалған ауылына, Қаскелең мен Алматы қаласына, одан әрі Түркістан қаласының көрікті жерлерін аралап болған соң, Теміртау мен Нұр-Сұлтан қаласына қарай бет алады.

Бұл игі шара «Елбасы академиясы» КҚ ұйымдастыруымен қолға алынып отыр. Аталған жо­баға Тұңғыш Президенттің «Ел Үміті» бастамасы аясында жү­зе­ге асып жатқан жобалардың үз­дік, белсенді қатысушылары ара­сында жүргізілген іріктеуден өт­кен жалынды 10 жас қатысуда. Олар іс-шара аясында өңірлердегі «Ел Үміті» бастамасының 45 шақ­ты жоба қатысушысымен бас қосатын болады.

Экспедиция кемел ойлы Ел­ба­сының кіндік қаны тамған Ал­маты облысы, Қаскелең ауда­ны, Шамалған ауылынан бастау алады. Қатысушылар бала күнін­де ұшқыш болуды арман­даған Ел­басының сұңғыла сая­сат­керге айналғанынан хабардар болып, балалық шағы өткен мекен­ді аралайды. Экспе­диция мүше­лері Үшқоңыр тауы­ның етегін­дегі Нұрсұлтан Назар­баевтың «Атамекен» тарихи-мәдени орта­лы­ғына барады. Онда Елбасының өмірі туралы ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен Нұр-Сұлтан қаласы туралы бай мате­риалдар қамтылған. Елбасының мектеп қабырғасындағы сәттері мен қызметі жөнінде құнды мәліметтер бар.

Жоба қатысушылары Қаскелең қаласындағы 63 жыл бұрын Елбасы қанат қаққан Абай атындағы орта мектеп-гимназиясына барып, «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан Birge Oqý онлайн мектебінің оқушыларымен кездеседі. Birge Oqý онлайн мек­тебінде «Мың бала» Ұлттық зият­керлік олимпиадасының фина­листері мен жеңімпаздары оқып жатыр (жоба «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылады). Онлайн мектепте балалар са­палы цифрлы білім беру ресурс­тарына кіріп, Назарбаев зият­кер­лік мектептерінің, Рес­пуб­ли­калық физика-математика мек­тебінің және елордалық лицей­­лердің 104 жоғары білікті ұста­зы, 33 тәлімгер, 10 әдіскерден білім алуда. «Мың бала» және Bir­ge Oqý жобалары ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру айырмашылығын азайтуға ықпал етеді. Қазір онлайн мектепте рес­публиканың 14 облысынан 3 мың­нан астам оқушы, оның ішінде Алматы облысынан 304 оқушы тегін қосымша білім алып жатыр. Ауыл мектебінде оқыған балаларды қолдап, әрі қарай дамыту үшін «Мың бала» олимпиадасы екінші жыл қатарынан өткізілді.

Биыл Алматы облысы бо­йынша олимпиадаға 5-6-сыныпта оқитын 29 342 оқушы қатысты. Жүлделі орындарға 200 оқушы ие болды. Дарынды балаларға ар­налған мамандандырылған мектеп­терге 6-сынып оқушыларынан 44 жеңімпаз қабылданды. Атап айтар болсақ, Алматы қала­сын­дағы Рес­публикалық физика-мате­ма­тика мектебі, «Білім-Инно­­вация» лицейі, «Дарын» маман­­дан­дырылған мектептері. Жоба қаты­сушылары әрі қарай Алма­ты қаласына барып, Респуб­лика­лық физика-математика мек­те­бі­нің мән-жайымен танысады. Бұл мектепте «Мың бала» олим­пиа­дасының 35 жеңімпазы білімін жетілдіріп жатыр. Келесі кезекте Нұрсұлтан Назарбаев қорын­да халықаралық олимпиадада топ жарған «Ел мақтанышы» сый­лығының иегерлері бас қосып, ғылымға енгізген жаңалықтар мен түрлі идеялар төңірегінде пікір алмасады. Әрі қарай экспедиция қатысушылары Түркістан мен Шымкент қалаларына бет алады.