• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 26 Қазан, 2021

Өзенді ластағандар жауапқа тартылды

438 рет
көрсетілді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы деген осы. Ай бұрын Күршім, Марқакөл өңірінің тұрғындары Қалжыр өзенін алтын қазушылар бей-берекет ластап жатқандығын айтып, шыр-пыр болған. Мәселе әлеуметтік желіде көтеріліп, қоғамдық резонанс тудырды. Елді алаңдатқан жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, тиісті органдарға дереу шешуді тапсырған. Нәтижесінде, табиғатқа залал келтіргендер жауапқа тартылды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті уә­кілетті органдармен және ғылы­ми ұйымдармен бірлесіп, Күршім ауда­нындағы Күршім және Қыс­тау-Күршім өзендерінің ластану фак­тісіне байланысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргіз­ді. Анықталғандай, «Визол» гео­ло­гиялық барлау компаниясы» ЖШС Экологиялық кодекстің нор­­маларына сәйкес келмейтін бір­қатар олқылықтарға жол берген. Атап айтсақ, технологиялық су жи­нақтағыштардың тоғанынан су­дың жер бедеріне асып кетуі және Қыс­тау-Күршім өзеніне құятын тұн­дыр­ғыштан су жіберу фактілері анықталды. Нәтижесінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Ко­декстің 328-бабының 1-бөлігі бойын­ша Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы хаттама толтырылды. Ал айып­пұл мөлшері ластанған судың көлемі нақтыланғаннан кейін белгілі болады.

Сондай-ақ тау-кен жұмыс­та­ры­ның жоспарына сәйкес кен орнын игергеннен кейін қазылған жерлерге рекультивация жасалмаған. Яғни табиғи ландшафтты, ағаш өсім­дік­терін және жануарлар әле­мінің тіршілік ортасын қайта қалпына келтіруі қажет.

Тексеру кезінде «Визол» ГБК» ЖШС уақтылы зерттеулер жүргіз­бегені және биологиялық негіздеме әзірлемегені белгілі болды. Сондай-ақ тау-кен жұмыстары тұрғысынан қал­дықтарды сақтау, оны жою жүйе­сі сақталмаған. Осы заң бұзу­шы­лықтары үшін кәсіпорынға қатысты ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бө­лігі және 344-бабының 3-бө­лігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Бұл баптар бойынша салынған айыппұл көлемі 200 мың теңгеден асады.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында жоғарыда аталған тау-кен компаниясына қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу және азайту жөніндегі тиімді іс-ша­ра­ларды іске асыру, табиғи орта ком­по­ненттеріне зерттеулер жүргізу, био­логиялық негіздеме әзірлеу және балық қорларына келтірілген зиян үшін өтемақы жүргізу қажеттілігі туралы нұсқама берілді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің берген жауабына сүйенсек, биыл ма­мыр айында Ақбұлақ ауылдық окру­гіне қарасты «Шандыбұлақ» учаскесінде рейд жүргізіп, Күршім аудандық полиция бөлімі жеке кәсіпкер Сергей Хванның рұқсат құ­жаттарынсыз алтынды өз еркімен өндіру фактісін анықтады. Ал 6 қыр­күйекте Қалжыр өзенінің лас­тануы туралы келіп түскен бей­не­сюжет негізінде экология де­пар­­та­менті, табиғатты қорғау поли­ция­сы, бассейндік инспекция және басқа да мемлекеттік органдар қыз­меткерлері аталған жерге жетті. Бел­гілі болғандай, жақын арада «С.А. Хван» жеке кәсіпкерлік өкілдері сот қаулысын орындау үшін Қалжыр өзенінің арнасы мен оның жайылып аққан бөлігіндегі, сондай-ақ Шандыбұлақтағы заңсыз салынған бөгеттер мен тоғандарды бұзған. Со­ның әсерінен Қалжыр өзенінің негізгі арнасына түскен ұсақ құмды то­пырақ оның едәуір аумағын ластаған.

Қалжыр өзенінің одан әрі ластануына жол бермеу үшін экология департаментінің инспекторлары заңсыз құрылыс жүргізу жұмыстарын тоқтатты. Ал жұмыстарды қоршаған ор­таға зиянын тигізбейтіндей етіп жүр­гізу үшін жобалық құжаттама әзірлеу ұсынылды.

Алтын кенін іздеу бойынша жұ­мыстарды заңсыз жүргізіп, рұқсат етілмеген құрылыстарды бұзу туралы сот шешімін орындамағаны үшін, сондай-ақ экологиялық сараптама жүргізбей объектілерді өз бетінше салғаны үшін Күршім ауданының №2 аудандық соты мен облыстық экология департаментінің шешімімен кәсіпкерлерге жалпы сомасы жарты млн теңгеден астам айыппұл салынды. Кен өндіруге берілген лицензия­лары кері қайтарылды.

Бұдан басқа, құқық бұзушы­лық­­тардың салдарын жою мақса­тында «Хван» ЖК ремедиация бағ­дарламасын бекітті. Соған сәйкес биыл қарашаға дейін Қалжыр өзе­нінің гидрологиялық режімін және тау ландшафтын қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі іс-ша­раларды орындау қажет. Қа­зіргі уақытта өңір әкімдігі табиғи ком­­поненттерді қалпына келтіру бо­йын­ша жұмыстардың кеңейтілген сме­талық есебін жасауды пысықтап жатыр. Оның сомасына байланыс­ты полиция органдары ҚР ҚК 324, 328, 333 және 334-баптары бойынша кінәлі азаматтарды қылмыстық жауапқа тартуды қарастырады. Иә, заңды белшеден басып, табиғатқа айтулы залал келтірген азаматтар жауапқа тартылуы керек.

Мұндай тәртіпсіздіктің бұдан әрі жалғаспауы үшін мемлекеттік органдар өкілдері жергілікті бел­сен­ді тұрғындармен кездесу ұйым­дастырды. Кездесу қоры­тын­ды­сында, жер қойнауын пайда­лану­шылардың қызметіне қоғамдық ба­қ­ылауды күшейту жөнінде шешім қа­былданған.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы