ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда уақытша инфекциялық стационарлар жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 37%-ға дейін, реанимациялық төсектердің - 45-тен 30%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасуда», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 25 тамызы мен 18 қазаны аралығында барлық өңірлерде 103 нысан (30 881 инфекциялық төсек) жабылды.