ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрі Серік Шәпкенов жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, еңбек нарығын біртіндеп қалпына келтіру жалғасуда, оның көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты.
«Пандемия басталғаннан бері нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 12,2%-дан 7,4%-ға дейін азайды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7%-ды құрады», деп атап өтті Серік Шәпкенов Үкімет отырысында.