• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қазан, 2021

Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды

297 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында полицейлер көшеден заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыста «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Әйтеке би кентінде жанармай құю бекеті тұсында қару ұстап келе жатқан 22 жастағы тұрғынды тоқтатты.

«Тексеру барысында тұрғыннан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 16 калибрлі қосауыз аңшы мылтығы анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Онда ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау жағдайы көрсетілген», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаметінен.